Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

2026 жылғы 3 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.С. Булебаев пен Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Төлеужановтың төрағалығымен Алакөл ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуді, санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну мәселелері, объектілердің қолжетімділік деңгейін арттыру және әлеуметтік әрі инфрақұрылымдық нысандардың қолжетімділігі бойынша сәйкестік декларациясына қол қою тәртібін түсіндіру мақсатында іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кедергісіз орта қалыптастыру және объектілерді пайдалануға беру кезінде қолжетімділік талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің талаптары, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде сәйкестік декларациясына қол қою тәртібі түсіндірілді. Кездесу барысында құрылыс процесіне қатысушылардың қолжетімділік нормаларын сақтау жөніндегі жауапкершілігіне, азаматтардың барлық санаттары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ қолжетімді орта талаптарын тәжірибеде тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасын табатын болады.