
2026 жылдың 3 маусымында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-сінің басшысы З.Илимжанова, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж.Азбергеновтің қатысуымен «Зейнетақы жарналарының ең төменгі жеткілікті шегі және зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында анық емес мәліметтер ұсыну фактілерін анықтау» тақырыбында кеңес өткізді.
Жеткілікті шекті ұлғайтудағы басты мақсат – әр азаматтың лайықты әрі тұрақты зейнетақы алуына бағытталған. Сонымен қатар, Жаңа есептеу әдістемесі неғұрлым дәл, әрі экономикалық тұрғыдан негізделген, яғни актуарлық тәсілге сүйенеді. Ол күтілетін өмір сүру ұзақтығын, инвестициялық табыстылықты және болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты деңгейін ескереді.
Маңыздысы – зейнетақы жинақтары кез келген уақытта ағымдағы шығындарға жұмсай салатын депозит емес. Мемлекет азаматтардың ұзақ мерзімді мүдделерін жүйелі түрде қорғайды, әрбір адамның қартайғанда өзін қаржылық тұрғыдан сенімді сезінуі үшін жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін толық әрі шынайы мәлімет ұсынуға міндетті. Сонымен қатар артық есептелген немесе төленген зейнетақы сомаларын ерікті түрде қайтаруы қажет. Егер бұл талап орындалмаса, қаражат сот шешімі негізінде мәжбүрлі түрде өндіріліп алынады.