Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

Жетісу облысының Панфилов ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік мекемелермен және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кедергісіз орта қалыптастыру және объектілерді пайдалануға беру кезінде қолжетімділік талаптарын сақтау мәселелері бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің талаптары, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде сәйкестік декларациясына қол қою тәртібі түсіндірілді.
Қолжетімділік нормаларын сақтау бойынша құрылысқа қатысушылардың жауапкершілігіне, азаматтардың барлық санаттары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ қолжетімді орта талаптарын іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.