
2026 жылғы 20 мамырда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С.С. Булебаевтың, Жетісу облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А.С. Кенжегулованың және ШЖҚ «Талдықорған қалалық №1 емханасы» МКК директоры Л.О. Толеуханованың қатысуымен, сондай-ақ департамент, денсаулық сақтау басқармасы және Талдықорған қалалық №1 емханасының қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді.
Тақырыбы:
• МӘС-ке жіберу тәртібін қатаң сақтау. МӘС-ке ұсынылатын «031/у нысанындағы» қорытындыны сапалы толтыру және МӘС-ке жолдау кезінде жалған құжаттарды ұсынуға жол бермеу туралы.
• Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының №15 қосымшасының талаптарын сақтау "сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі.
• МӘС-ке негізсіз бағытталғандарды талқылау.