Департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмысы

Департамент қызметкерлерімен түсіндірме жұмысы

Ағымдағы жылдың 12 мамырында департамент басшысының орынбасары С. Булебаевтың төрағалығымен департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығы мен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №260 бұйрығының заңдылықтарына сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. құжаттарды қабылдау және рәсімдеуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау» қағидасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарға куәландыру/қайта куәландыру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында құжаттарды қабылдау және рәсімдеу сапасын арттыру бойынша бақылау жұмыстары күшейтіліп, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілуі қажет екендігі түсіндірілді. Азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілуі қажет екендігі ескертілді.