Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

Жетісу облысында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жалғасуда.

«Жетісу облысының құрылыс басқармасы» ММ-сі тапсырысы негізінде құрылысы жүргізіліп жатқан 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтың құрылыс барысына 12.05.2026 жылы Департамент басшысы З.Илимжанова құрылыс нысанына барып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып, құрылыс барысында туындауы мүмкін мәселелерді талқылады.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, Жетісу облысы Талдықорған қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу үшін 5 га жер учаскесі бөлінген (Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 1/12 мекенжайы бойынша).

2025 жылғы 16 маусымда мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, жобаның жалпы құны 9,6 млрд. теңге.

 Құрылыс-монтаж жұмыстарына мердігер «AK Construction Company» ЖШС-мен 2025 жылдың 30 қазанында 9,2 млрд. теңгеге келісімшарт жасалды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 2025 жылы ұлттық қордан 1 млрд. теңге, 2026 жылы  республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 2,9 млрд. теңге қаражат игерілді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына 85 маман және 12 техника бірлігі жұмылдырылған. Жалпы құрылыс жұмыстарының 40 %-ы орындалды

Орталықтың құрылысы өңірде мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Жұмыс тұрақты бақылауда.