
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 8 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы және зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі мәселелері бойынша техникалық оқу өткізді.
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Акимбеков Б.К. жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы және зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында болашақта жасына байланысты солидарлық зейнетақы тағайындалмайтын тұлғалар үшін лайықты зейнетақы деңгейін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және басқа да қаржы институттарына міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы төлеудің қажеттілігі, сондай-ақ қазіргі уақытта қайта қаралып жатқан ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ЕЖШ) маңызы ерекше айтылды..
Оқыту (техникалық оқу) барысында келесі сұрақтар қойылды:
Сұрақ: Жасына байланысты зейнетақыны есептеу кезінде еңбек өтілі қай кезеңге дейін есепке алынады?
Жауап: Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 209-бабының 1-тармағына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады.
Сұрақ: Болашақта зейнетақы қалай төленеді?
Жауап: Болашақта зейнетақы мемлекеттік базалық зейнетақыдан және зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын жинақтаушы бөліктен тұрады.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған басқа да сұрақтар қойып, тәжірибелік ұсыныстармен алмасты. Техникалық оқыту қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қараудың маңыздылығы атап өтілді.