Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті зейнетақы төлемдерінің заңды тағайындалуына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.

Мониторингтің негізгі мақсаты – республикалық бюджет қаражатының мақсатты әрі заңды пайдаланылуын қамтамасыз ету. Осы бағытта құжаттарды қолдан жасау, орташа айлық табысты және зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін жасанды түрде ұлғайту фактілері анықталуда.

Республика бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінде зейнетақы төлемдерін жасанды ұлғайтудың 635 фактісі анықталған. Оның ішінде 432 жағдайда артық төленген зейнетақы сомалары толық көлемде бюджетке қайтарылды. Қалған 135 факт бойынша процессуалдық шешімдер қабылданып, артық төленген қаражатты бюджетке қайтару жұмыстары жалғасуда.

Жетісу облысы бойынша 16 факт анықталып, оның 13-і артық төлемін толықтай бюджетке қайтарды. Қалған 3 зейнетақы алушы Әлеуметтік Кодекстің 203 бабына сәйкес артық төлемдерді қайтаруда.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін толық әрі шынайы мәлімет ұсынуға міндетті. Сонымен қатар артық есептелген немесе төленген зейнетақы сомаларын ерікті түрде қайтаруы қажет. Егер бұл талап орындалмаса, қаражат сот шешімі негізінде мәжбүрлі түрде өндіріліп алынады.