Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

2026 жылы 5 мамырда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы- мемлекеттік қорғау инспекторы А.А. Рамазановпен Ақсу ауданының әкімінің орынбасары Б.Т. Ермұханбетовтың жетекшілігімен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік мәселесі бойынша жиын өтті.

Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптарын, кәсіпкерлік қызметті жүргізу тәртібін және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік мәселесі талқыланды. Кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер өзара түсіністікті нығайтып, бизнестің тұрақты дамуына және қоғамдағы маңызды мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал етеді.