
2026 жылы 30 сәуір айында Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті департаментінің басшысының орынбасары С.Булебаев және № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Тақырыбы:
1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары.
2. Неврологиялық және психиатриялық патологиялар (АСБ, интеллектуалдық жеткіліксіздік, когнитивті-мнестикалық және психоорганикалық синдроммен жүретін дисциркуляторлық энцефалопатия) кезінде шекаралық жағдайдағы науқастарды жолдау.
3. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберудің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.
4. МӘС-ке жолдама беру кезінде жалған/дұрыс емес медициналық құжаттарды ұсынуға жол бермеу туралы.