Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде, 2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А. Асқардың қатысуымен әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық пен әділдік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндірілді.