
2025 жылдың 7 сәуірінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С. С. Булебаев ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы» МКК-ның басшылығы және дәрігерлік - кеңестік комиссиясының мүшелерімен семина кеңес өткізді. Семинар кеңес барысында қатысушылардың назарына аудан бойынша мүгедектіктің негізгі статистикалық көрсеткіштері жеткізілді, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 168, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 292/НҚ «Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрығы бойынша мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, семинар барысында көзбе көз және сырттай проактивті форматта медициналых – әлеуметтік сараптамаға қорытындыларды (031/е нысаны) сапалы толтыруды , медициналых – әлеуметтік сараптама жүргізудің Қағидаларының «Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі» № 15 қосымшасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажет екендігіне баса назар аударылды.Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.