
Ағымдағы жылдың 1 сәіурінде профилактикалық бақылау жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы А.Рамазановпен «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің тәртібі, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін қолдану мәселесі бойынша, оның ішінде нормативті есептеу тәртібі мен қаржыландыру шарттары туралы және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптары түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жеке абилитация және оңалту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қызмет алушыларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндірілді.