
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 19 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша техникалық оқу өткізді.
Оқу барысында департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Акимбеков Б.К. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2200 Заңының негізгі нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын» № 277 жан-жақты түсіндірді.
Ақшалай өтемақы тағайындау барысында сұралатын құжаттар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы анықтама).
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама.
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстармен алмасты. Техникалық оқу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарау қажеттілігі атап өтілді.