Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

       Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексімен реттеледі.

       Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 209-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең бойынша есепке алынады. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы болмаған немесе онда тиісті жазбалар болмаған жағдайда, жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімімен белгіленеді.

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жүгінген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• жеке куәлік (азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, қандас куәлігі);
• неке туралы куәлік (тегі өзгерген жағдайда);
• 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, мұрағаттық анықтамалар);
• банк шоты туралы мәліметтер;
• 3×4 фотосурет (зейнетақы куәлігі үшін).

        Қосымша, бар болған жағдайда ұсынылады:
• білім туралы құжат;
• әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
• балалардың туу туралы куәліктері (әйелдер үшін);
• басқа да құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес.