Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

       2026 жылдың  18  наурында   халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісі облысы бойынша департаменті  Жетісу облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментімен бірлесіп  адамдарды медициналық әлеуметтік сараптамаға  негізсіз жолдау мәселелері бойынша  дөңгелек үстел  өткізді.  Дөңгелек үстелге халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісі облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С. С. Булебаев,  Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент басшысы Белтаева Н. С., Жетісу облысы бойынша денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А. С. Кенжегулова  және аталған мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

       Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау  министрінің 2018 жылғы  15 қарашадағы № ҚР ДСМ -32 және  Қазақстан Республикасы   ұлттық   экономика  министрінің  2018 жылғы 15  қарашадағы

       № 70 «Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және  тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына еңгізілген өзгерістер және  медициналық әлеуметтік сараптамаға  негізсіз жіберілмеу, денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың емдеу мекемелерінің басшыларының дәрігерлік  кеңестік комиссияларының жұмысына  бақылауды күшейту шаралары бойынша  өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.