
Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті ағымдағы жылдың 10 наурызында Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері мен дәрігерлік-консультативтік комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Департамент басшысы Илимжанова З.А. қатысушыларды психикалық бұзылыстар мен мінез-құлық бұзылыстары бойынша облыстық сырқаттанушылық көрсеткіштерімен, сондай-ақ аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды анықтау көрсеткіштерінің өсуімен таныстырды. Бұл өсім аутизм спектрі бұзылыстарын ерте анықтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның енгізілуімен, халықтың хабардарлығының артуымен және әлеуметтік қолдау шараларымен байланысты екені атап өтілді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Вице-премьерінің бұйрығына сәйкес, адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МСЭ) сырттай-проактивті форматта жолдау кезінде медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультативтік комиссияларының сапалы жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылды.
МСЭ ОМК басшысының міндетін атқарушы Юн Е.Б. сырттай-проактивті форматта куәландыруға жататын нозологиялар бойынша түсіндірме беріп, сондай-ақ жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше механизмін енгізу жөніндегі пилоттық жобаның ерекшеліктерін түсіндірді.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының психиатриялық қызмет жөніндегі орынбасары Жумабеков С.С және балалар бөлімшесінің меңгерушісі Мұстафа Б.Ж сөз сөйлеп, 031/у нысанын толтыруға қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.