Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

2026 жылғы 4 ақпанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы З. Илимжанова Жетісу облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының директоры А. Омаровтың қатысуымен бірлескен кеңес өткізді. Кеңесте зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта жаңғырту, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдерді қайта қарау мәселелері, сондай-ақ артық төленген сомаларды азайту бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.