
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн форматтағы кеңейтілген жиын өтті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында онлайн форматта кеңейтілген жиын ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық департаменттер мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы департамент өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына жан-жақты тоқталды. Министр өз сөзінде құжаттың қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін атап өтіп, оның әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды тетіктерді қамтитынын жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша департамент басшысы З. А. Илимжанова жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, қызметкерлерді халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге, ақпараттық-насихаттау іс-шараларына белсенді қатысуға және құжаттың негізгі ережелерін кеңінен таратуға шақырды.