
2025 жылдың 31 желтоқсанында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-сінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Утельбаев Қайрат Сабырұлы Жетісу облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Досербекова Лолита Талгатовнаның және филиал мамандарымен 2025 жыл қорытындысы бойынша қайта қарауға жіберілген істерге талдау жасалып онлайн форматта жиналыс өткізді.
Кездесу барысында аудандық ФРОНТ және БЭК офис мамандарының жұмыстары талданып, қайта қарауға жіберілген істер бойынша жиі кездесетін қателіктер аталды. Сонымен қатар, қателіктердің алдын алу жолдары талқыланды.
Оқу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу ісінде қоғамның белсенді қатысуы аса маңызды екені, бұл әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.