Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

2025 жылдың 18 желтоқсанында  халықты әлеуметтік қорғау  саласындағы реттеу және бақылау  комитетінің Жетісу облысы бойынша  департаментінің басшысы З. А. Илимжанова Панфилов  ауданаралық көпсалалы  ауруханасының  басшылығы және дәрігерлік - кеңестік комиссиясының  мүшелерімен семинар кеңес өткізді.  Семинар кеңес  барысында    қызмет алушыларына  МӘС куәландыру жүргізу процессінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа, қылмысқа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде жан – жақты  шаралар қабылдау және  Панфилов  ауданаралық көпсалалы  ауруханасының барлық қызметкерлерімен   «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс -қимыл туралы» Қазақстан Ресмпубликасының Заңынын нормаларын сапқтау  жөніндегі департамент қызметкерлері арасындағы тұрақты негізде түсіндіру  жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинар кеңес  барысында  облыс және Панфилов  ауданы бойынша   мүгедектіктің негізгі статистикалық көрсеткіштері қатысушылардың назарына жеткізілді.  МӘС өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес МӘС- ке көзбе – көз сондай ақ сырттай проактивті форматында жолдау  тәртібі, МӘС – ке негізсіз жолдауға жол бермеу туралы айтылды. Департамент басшысы  қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.