
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-і әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді алу кезінде алаяқтық жағдайлары орын алуы мүмкіндігін хабарлайды.
Әлеуметтік қызметтер порталы – Қазақстандағы әлеуметтік қолдау жүйесінің ашықтығын арттырып, цифрлық форматта тиімді қызмет көрсетуді мақсат ететін маңызды құрал. Порталдың әділ әрі қауіпсіз жұмыс істеуі үшін мемлекет жеткізушілерді тіркеу, инватакси қызметін ұсынатын ұйымдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің порталға жіберілу тәртібі жөніндегі қағидаларды бекітті. Жүйенің барлық бөлігіне, бастапқы тіркеуден бастап, қызмет сапасын бақылауға дейін, бағытталған және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың құқықтарын қорғауға қызмет етеді.
Әлеуметтік қызметтер порталы (https://psubeta.enbek.kz/, https://aleumet.egov.kz/) – ОЖБ-ға (жеке оңалту бағдарламасына) сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға арналған.
Aleumet порталы арқылы тапсырыстарды рәсімдейтін жосықсыз өнім берушілердің — техникалық құралдар, оңалту қызметтері және өзге де жеңілдіктерді ұсыну кезінде ережелерді бұзып немесе алаяқтық жолмен әрекет ету жағдайлары жиілеп кетті.
Портал арқылы тапсырысты рәсімдеу кезінде мұқият және сақ болуға шақырамыз.
Егер сіз күдікті әрекеттерге, алаяқтыққа, тапсырысты орындаудан бас тартуға немесе негізсіз талаптарға тап болсаңыз, міндетті түрде уәкілетті орган - Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті РММ-не, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Медеу көшесі 47/1 мекен-жайы бойынша хабарласуды сұраймыз.
г на