Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

В Департаменте Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения по области Жетісу проведен круглый стол на тему «О работе информационной системы «e-Otinish» и разъяснение требовании административно процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан» с участием С.Д.Байтасова прокурора отдела анализа и контроля за обращениями Департамента Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по области Жетісу и всех сотрудников Департамента.

Основной целью встречи стало информирование сотрудников Департамента о порядке реализации прав граждан и обязанностей в сфере повышения правовой грамотности населения.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде ««e-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмысы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры С.Д.Байтасов, сондай-ақ Департаменттің барлық қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – Департамент қызметкерлерінің азаматтардың құқықтарын іске асыру тәртібімен және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы міндеттерімен таныстыру болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ерекше назар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға аударылды.

Қатысушыларға «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу және өтініштерді өңдеу дағдылары көрсетілді.

Сонымен қатар, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығы атап өтіліп, ҚР ӘРПК нормаларын қолдану азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірілді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.