
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні профилактикалық бақылау жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Д.Жолтаева, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Б. Орманов «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілудің тәртібі жөнінде сондай-ақ ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптары және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және көлік инфрақұрлымы объектілерінде қол жеткізуін қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.