
2025 жылғы 2 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті ұжымы «Ұстазға алғыс!» апталығы аясында Талдықорған қаласындағы №2 орта мектептің мұғалімі Ерленова Әсия Базарбекқызын шақырумен салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында департамент қызметкерлері алғыс сөздерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстап, ұстаздарға арналған әндер орындалды.