2025 жылдың 15 тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлерінің жұмыс кестесі ауысқаны туралы хабарлаймыз!
Департамент басшысы, басшы орынбасары, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері қызметкерлерінің және штаттан тыс қызметкерлердің жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін;
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген 3-қосымшасындағы «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметінің стандартын ескере отырып, № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама, № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама, медициналық-әлеуметтік сараптама Әдіснама және бақылау бөлімдері қызметкерлерінің және бөлімдерге қарасты штаттан тыс қызметкерлердің жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс – 13:00-ден 14:00-ге дейін белгіленді.