Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскері байқауы

Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскері байқауы

Назар аударыңыздар! «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» байқауы қызу жүріп жатыр!

Әлеуметтік қорғау мекемелерінде кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр.
Бұл — тек білім мен біліктілікті көрсету ғана емес, тәжірибе алмасу, бастамашыл болу және әлеуметтік саланың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі.

Байқау өз ісіне адал, жанашыр әрі кәсіби мамандарды біріктіреді.
Қатысушылар іріктеу кезеңдерінен өтіп, өздерінің шеберлігін, креативті көзқарасын және адамдарға деген қамқорлығын көрсетіп жатыр.
Алда — жаңа кезеңдер, әріптестермен кездесулер және, әрине, үздіктерді марапаттау күтіп тұр!