Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

2025 жылдың 21 тамызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау  комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің № 2  медициналық – әлеуметтік сараптама бөлімі Сарқан аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. Медициналық әлеуметтік сараптамаға жолдау барысында қорытынды толтыру кезінде кездесетін қателіктерді талдау.
  2. Жемқорлықтың алдын – алу, заңдылық пен шектеулерді сақтау.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына  орай департамент  № 2 МӘС бөлімінің қызметкерлері 1995 жылы 30 тамызында  жарпыхалықаралық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің  тәуелсіз мемлекеттігіміздің берік  іргетасына айналғанын атап өтті.  Ол негізгі  құндылықтарды бекітті: бостандық, теңдік,  адам құқықтары және  заңның үстемдігі. Конституция – бұл жай ғана құжат емес, ол Қазақстанның бірлігі мен әділдігінің нышаны. Конституция Қазақстанды  демократиялық,  зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  айқындайтыны айтылды.