Түсіндірме жұмысы

Түсіндірме жұмысы

2025 жылдың 22 тамызында Қазақстан Республикасының  Конституциясының 30 жылдығына  орай  «АМАНАТ» партиясының Ескелді аудандық филиалында,  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, оларға әлеуметтік қолдау көрсету және  медициналық көмек көрсету  мәселері бойынша  Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен кездесу өткізілді.

 Кездесуге  Ескелді аудандық прокуроры Ж. Қ. Досбаев,  Ескелді аудандық орталық ауруханасының меңгерушісі С. К. Ткенбаев, халықты әлеуметтік қорғаң саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісі облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С. С. Булебаев,  Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің  төрағасы  А. С. Ұзақбаев және  «ДЕМЕУ» қоғамының мүшелері  қатысты.

Кездесу барысында қатысушылардан медициналық көмек көрсету,  Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, инватакси қызметімен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар түсіп жауаптар алынды.

     Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттің басты  міндеттерінің бірі болып табылатыны түсіндірілді. Қазақстан өзін  демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен  бостандықтары болып табылады.