Қазіргі уақытта жаңалықтар арналары мен әлеуметтік желілерде жарияланған сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілері бойынша ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысының м.а. С. С. Булебаев департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және оның алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі, жұмыс уақытын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай – ақ, мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің стандарттарына сәйкес мінез – құлық нормаларын, белгiленген шектеулердi сақтау және мемлекеттік қызметшілердің стандарттарға сәйкестігі туралы, құмар ойындардан, алкогольдік, есірткілік және психотроптық құралдарды қолданудан бас тарту туралы түсіндірді.
Өз міндеттерін тиісті деңгейде орындау, адалдық, ашықтық және әдiлеттiлiк қағидаттарын басшылыққа ала отырып, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, әділ де ашық болуға қажеттілігі туралы атап өтті.