2025 жылдың 30 мамырында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З. А. Илимжанова және департамент басшысының орынбасары С. С. Булебаев Қаратал аудандық орталық емханасының басшылығы және дәрігерлік - кеңестік комиссиясының мүшелерімен Департаменттің қызметкері және облыстың орталық аудандық емханаларының қызметкерлерінің жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 2024 жылғы 6 қыркүйегіндегі Талдықорған калалық сотының жеке қаулысын талқылау мақсатында семинар кеңес өткізді. Семинар кеңес барысында қызмет алушыларына МӘС куәландыру жүргізу процессінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа, қылмысқа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде жан – жақты шаралар қабылдау және Қаратал аудандық ауруханасының барлық қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл туралы» Қазақстан Ресмпубликасының Заңынын нормаларын сақтау жөніндегі департамент қызметкерлері арасындағы тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттегіне баса назар аударылды.
Сондай-ақ, семинар барысында аудан бойынша мүгедектіктің негізгі статистикалық көрсеткіштері, медициналых – әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидаларына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды және департамент өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.