2025 жылдың 29 мамырында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары С. С. Булебаев Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті ұйымдастырған облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың емдеу мекемемелерінің басшыларының қатысумен кеңеске қатысты. Осы кеңестің күн тәртібіндегі тармақтарының бірі медициналық– әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданылғаны және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің департаментімен қолданылған әкімшілік шаралалар туралы мәселесі болды.
Кеңесте қатысушылардың назарына медициналық – әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдандырылған бойынша статистикалық көрсеткіштер жеткізілді. Медициналық әлеуметтік сараптамаға қортындыларды сапалы толтыру қажеттілігі туралы, медициналық әлеуметтік сараптаманың Қағидаларына өзгерістер мен қосымшалар еңгізілгені және медициналық әлеуметтік сараптама жүргізген кезде емдеу мекемелері және медициналық – әлеуметтік сараптама қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық бұзушылыққа жол бермеуінің қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ, кеңес барысында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.