
23.05.2025ж №1 МӘС бөлімінің бас маманы Сагынбаева Ж.Ш. ШЖҚ МКК «Қаратал аудандық ауруханасы» дәрігерлерімен Цереброваскулярлық аурулар кезіндегі мүгедектік топтарын ануқтау критерийлері (мидың қан айналымының жедел бұзылысы) тақырыбында кездесу өткізді.
Мидың қан айналымының жедел бұзылысы – ми қан айналымының жедел бұзылуы нәтижесінде дамитын синдромдар тобы.
Инсульт жалпы церебральды және ошақты неврологиялық симптомдармен көрінуі мүмкін:
Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:
1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.
I топ: Ағза функцияларының айқын көрінетін тұрақты бұзылыстары - адам толығымен басқаларға тәуелді, өзіне өзі қызмет көрсете алмайды және көмексіз қозғала алмайды.
ІІ топ: Ауыр бұзылулар, адам ішінара өзін-өзі күтуге қабілетті немесе ішінара көмекті қажет етеді. Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі байқалады.
ІІІ топ: Орташа тұрақты бұзылулар, адам өзін-өзі күте алады, бірақ еңбек әрекетінде шектеулер бар.
2021 жылдан бастап қимыл-қозғалысының ауыр және айтарлықтай ауыр бұзылулары бар цереброваскулярлық аурулар сырттай-проактивті тексеруге жіберіледі.