
22.05.2025ж №1 МӘС бөлімінің басшысы К.А.Болтаева ШЖҚ МКК «Талдықорған қалалық емханасы», ШЖҚ МКК «№2 Талдықорған қалалық емханасы», «ХАК МО ЖШС-нің дәрігерлерімен Цереброваскулярлық аурулар кезіндегі мүгедектік топтарын ануқтау критерийлері (мидың қан айналымының жедел бұзылысы) тақырыбында кездесу өткізді.
Мидың қан айналымының жедел бұзылысы – ми қан айналымының жедел бұзылуы нәтижесінде дамитын синдромдар тобы.
Инсульт жалпы церебральды және ошақты неврологиялық симптомдармен көрінуі мүмкін:
Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:
1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.
I топ: Ағза функцияларының айқын көрінетін тұрақты бұзылыстары - адам толығымен басқаларға тәуелді, өзіне өзі қызмет көрсете алмайды және көмексіз қозғала алмайды.
ІІ топ: Ауыр бұзылулар, адам ішінара өзін-өзі күтуге қабілетті немесе ішінара көмекті қажет етеді. Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі байқалады.
ІІІ топ: Орташа тұрақты бұзылулар, адам өзін-өзі күте алады, бірақ еңбек әрекетінде шектеулер бар.
2021 жылдан бастап қимыл-қозғалысының ауыр және айтарлықтай ауыр бұзылулары бар цереброваскулярлық аурулар сырттай-проактивті тексеруге жіберіледі.