Меню
Страницы

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

2026 жылғы 23 қыркүйекте «ТК Метакон» ЖШС еңбек ұжымымен ашық әрі сындарлы диалог форматында кездесу өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Қойшыбаев және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Ш.Әбішев қатысты.

Зауыт жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ еңбек жағдайларының зияндылығына байланысты мәселелер мен тиісті әлеуметтік төлемдер қызықтырды.

Ашық диалог барысында жұмысшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Кездесуді қорытындылай келе, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев «ТК Метакон» ЖШС қызметкерлерін алдағы Қазақстан Республикасының Еңбек күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, кәсіби дамуға және алдағы еңбек қызметінде толағай табыс тіледі.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты