Меню
Страницы

«Ашық микрофон» рубрикасы.

«Ашық микрофон» рубрикасы.

«Ашық микрофон» рубрикасы.

Бүгін «Ашық микрофон» айдары аясында «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігінде департамент басшысының м.а. мен қызметкерлерінің қатысуымен жылы әрі ашық атмосферада кездесу өтті.

Іс-шараға «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Қыдыралина, департамент басшысының м.а. С.Булебаев, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б.Акимбеков қатысты.

Кездесудің мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды толғандыратын мәселелерді ашық талқылау, сондай-ақ департамент өкілдерінен қажетті түсіндірмелер алу.

Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына (ЖОБ), техникалық оңалту құралдарын, соның ішінде белсенді электрлі мүгедек арбаларын алу тәртібіне, оларды ұсыну шарттарына, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне және қажетті көмекті алу тетіктеріне қатысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, оларды рәсімдеу тәртібі, қажетті құжаттар және зейнетақы төлемдерін есептеу ерекшеліктері жөніндегі мәселелер қаралды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты әрі білікті жауаптар берілді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты