Ағымдағы жылдың 13 мамырында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде "Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарынын орындау мақсатында профилактикалық жұмыс ретінде Тараз қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Абитбекова Саламат Әлімқызының қатысуымен қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді..
Семинар аясында іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, этикалық нормаларды сақтау және практикалық жағдайларды талдау үшін жауапкершілік мәселелері болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.