Ағымдағы жылдың 26 наурызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде «ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесінің: «2025 жылдың 7 наурыздағы № 03-9/20 2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңіндегі жергілікті атқарушы органдардың мемелекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру тәжірибесіне жүргізілген талдаулардың қорытындылары туралы шешімін орындау туралы және 2025 жылдың 7 наурыздағы № 03-9/18 2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты жағымсыз жарияланымдарға жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:
сыйлықақы беру кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау;
Қызметкерлерге сыйлықақыны берілуіне жол бермеу бойынша тиісті шараларды қабылдау;
3.Мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқы туралы бұқаралық
ақпарат құралдарындағы, оны ішінде әлеуметтік желілерді қоса алғанда, сыни жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді бақылауға алу;
4.Мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты жарияланған
жағымсыз (сыни) материалдар анықталған, дер кезінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жарияланымда көрсетілген мән-жайларды теріске шығару немесе растау бойынша шараларды қабылдау;