Ағымдағы жылдың 19 наурызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде «ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Тамаев Жарқын Маратханұлының қатысуымен семинар-кеңес.
Семинар барысында жауапты маман мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулердің, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы бойынша түсіндірмелер берді.
Сонымен бірге, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу, қызметтік автокөліктерді тек лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану мәселелеріне тоқталып өтті.
Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы ескертілді.
Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.