2024 жылғы 19 маусымда департаменттің конференц-залда департамент басшысының м.а., Әдеп жөніндегі уәкіл Дилдабекова Марал Аманжоловна ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесінің 2024 жылдың 23 мамырдағы № 03-9/24 және 2024 жылдың 11 маусымдағы № 03-9/31 Шешімдерін басшылыққа алу туралы жиналыс өткізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтау, әлеуметтік желілерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілердің этикаға жат мінез-құлқы туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни жарияланымдардың мониторингі туралы және мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысының туындауын талдау жүргізу тапсырмалар берілді.