Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу тәртібі

Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу тәртібі

Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу тәртібі

 

Сот актілерінде, конкурстық басқарушының материалдарында, анықтама-есепте, соттың немесе мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжаттарында ай сайынғы төлем мөлшері (АСТМ) туралы мәлімет болған жағдайда, бар АСТМ қолданылады.

АСТМ туралы мәлімет болмаса, АСТМ капиталдандырылған төлемдерді алған әрбір адам бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы (КТС) мен капиталдандыру кезеңі (КК) туралы мәліметтер негізінде КТС-сын КК-не бөлу арқылы айқындалады:

АСТМ = КТС/КК

Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі әр жыл үшін ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:  мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және қолданыстағы ең төменгі жалақы мөлшері; n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл; (n + x) – ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.

Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.

Егер заңды тұлға 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кейін банкрот деп танылса, ЕТЖжинақ мәні 1-ге тең.

Айлық есептік көрсеткіштің (АЕКжинақ) өсімінің жинақталған деңгейін есептеу ай сайынғы төлемдер (қайта есептеу) түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген жылға дейінгі әрбір жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінің өсу коэффициенттерін көбейту жолымен жүргізіледі.

Айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінің өсу коэффициентін есептеу тиісті қаржы жылының Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерін қаржы жылының алдындағы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне бөлу арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ) түріндегі әлеуметтік көмек ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа және АЕКжинаққа көбейту арқылы айқындалады:

АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ*АЕКжинақ