«Күміс жас» жобасы

«Күміс жас» жобасы

«Күміс жас» жобасы

 

«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға, әсіресе зейнетке дейінгі жастағы адамдарға арналған (зейнетақы жасына 2 жыл қалғанда).

2023 жылдың 1-ші қаңтарынан «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылған.

Қолданыстағы ереже бойынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында, зейнетке дейінгі жастағы адамдарды жұмысқа орналастыра отырып жалақысын субсидиялау арқылы, яғни жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша  әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың еңбекақысын төлеу үшін қаражат шығынының бөлігін жұмыс берушіге өтеу арқылы, жұмыс берушімен жұмыс орындары ашылады.

50 жастан асқан жұмыссыз адамдардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмысқа орналастыру үшін келесі тұлғаларға жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделген:

- мүгедектігі бар адамдарға арналған жеке көмекшінің,

- әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

Көп балалы  немесе  аз қамтылған еңбекке қабілетті мүшелер үшін, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін  үйде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу қарастырылған.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін өтініш жұмыспен қамту орталығына беріледі және келесі құжаттар ұсынылады:

- жеке басын куәландыратын құжат;

-  еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

- білімі туралы құжат (бар болса).

Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.