Балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау

Балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау

Балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау

Мемлекеттік бюджеттен алғашқы жәрдемақы баланың туылуына байланысты төленеді. Алғашқы үш балаға бір мезгілде 38 айлық есептік көрсеткіш төленеді, бұл 2023 жылы 131 100 теңгеге тең. Төртінші және одан кейінгі балалардың тууына - 63 айлық есептік көрсеткіш немесе 217 350 теңге.

Осы төлеммен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын (жұмыс істемейтін) әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы ресімделеді. Оның мөлшері балалардың кезектілігіне және айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне де байланысты.

Бірінші балаға айына 5,76 айлық есептік көрсеткіш қойылды - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл 19 872 теңге. Екіншісіне - 6,81 айлық есептік көрсеткіш (23 495 теңге), үшіншісіне - 7,85 айлық есептік көрсеткіш (27 083 теңге), төртіншісіне және одан кейінгі балаларға - 8,9 айлық есептік көрсеткіш (30 705 теңге).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады, олардың мөлшері айылқ есептік көрсеткішке емес, олардың орташа айлық жалақысына байланысты.

Бұл ретте 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақылар да, әлеуметтік төлемдер де бір жарым жылға дейін төленетін болады.

Мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасыларды қолдау үшін Қазақстанда кәмелетке толғанға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы 56 794 теңгені құрайды.

Жаңа жылда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты да өсті:

Төрт баласы бар отбасыларға ай сайын 55 304 теңге (бұрын 50 976 теңге), бес баласымен - 69 138 теңге (бұрын 63 728 теңге), алтауымен – 82 973 теңге (бұрын 76 479 теңге), жеті баламен – 96 807 теңге (бұрын 89 231 теңге), сегізінші және кейінгі бала - әрқайсысына 13 800 теңгеден (бұрын 12 720 теңге).

Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% арнайы жинақтау шоттарына аудару көзделген.