2022 жылдың  12 айында  департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің  атқарған жұмыстарының қорытындысы (01.01.2022 ж- 31.12.2022ж)

2022 жылдың  12 айында  департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің  атқарған жұмыстарының қорытындысы (01.01.2022 ж- 31.12.2022ж)

2022 жылдың  12 айында  департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің  атқарған жұмыстарының қорытындысы (01.01.2022 ж- 31.12.2022ж)

 

Жамбыл облысына   төмендегі  медициналық-әлеуметтік сараптама  бөлімдері  қызмет көрсетеді:

  • МӘС-ның бақылау  және  әдіснама  бөлімі
  • 6 жалпы МӘС бөлімдері

 

Жамбыл  облысы халқының саны -1215482  (2021ж -1149136).

Жамбыл облысында, бүгінгі таңда, орталықтандырылған мүгедектігі бар  адамдардың  деректер қоры  бойынша барлығы 45438 мүгедектігі бар адамдар тіркелген, оның ішінде мүгедектігі бар ересек адамдар  саны- 38632 (1 топ-4234 адам, 2 топ-16989, 3 топ-17409) және  0-18 жас аралығындағы мүгедектігі  бар  балалар саны- 6806 (2069-ы- 7 жасқа дейінгілер, 1 топтағы мүгедектігі бар  балалар-736, 2 топтағы-950, 3 топ-3051).  Қала бойынша мүгедектігі бар адамдар  саны-16085 адам, ауыл тұрғындары-29353. Жынысы бойынша- ер адамдар арасындағы  мүгедектігі бар адамдар саны-26679, әйелдер-18759 адамды  құрайды.

Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС)  бөлімдері Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму Министрінің  28.04.2015 жылғы  №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандарты  бойынша 2022 жылдың 12 айында барлығы  15876  мемлекеттік  қызмет  көрсетті.

          2022 жылдың 12 айында  мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері: аталған уақытта барлығы 2684 адам алғашқы рет мүгедектікке шықты (12 ай 2021ж. – 2747 адам), оның ішінде ересек адамдар  1931 (2021 ж.-1941 адам), мүгедектігі бар бала санатына жатқызылғандар – 753 бала ( 2021 ж.-806 баланы құраған).    

       Есепті кезеңде 10.000 халыққа шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші – 22,0 оқиға (2021ж- 23,9 оқиға болған).Республикалық көрсеткіш -27,4.

        Алғашқы рет мүгедек болып танылған 1931,  ересек адамдар ішінде жұмысқа жарамды жастағылары-1579-81,8%, ал 352 адам зейнеткер жасындағы-18,2% құрайды.

Алғашқы мүгедектіктің  нозологиялық  құрамы  жылдар бойына  өзгеріссіз, оның  ішінде :

1-ші орында – жүрек-қан тамырлары сырқаттары –500 адам – 25,8% (2021 ж  – 566 адам – 29,1%);

2-ші орында - қатерлі ісіктер алып отыр - оның деңгейі – 482 адамды құрады -24,9 % (2021 ж.  -427 адам -21,9% құраған болатын).

3-ші орында – түрлі жарақаттар- 210 адам -10,8%, (2021 ж. - 230 адам – 11,8%) .

         

    Ересектер арасындағы алғашқы мүгедектіктің топтық бөлінуі:

 

              2022 ж 12 ай (1931 адам)                  2021 ж 12 ай (1941 адам)

 

     I топ – 310 чел. (16,4 %)                             I топ – 295чел. (15,2%)

     II топ –933 чел. (48,3%)                            II топ – 956 чел.(49,2%)

     III топ – 682 чел. (35,3%)                           III топ –690 чел.(35,6%)

 

               2022 жыл 12 ай – 753 бала           2021 жыл  12 ай – 806 бала

   

   Мүгедектігі  бар  балалар арасында мына аурулар алдыңғы орындарды алады:

 

         1 орында – туа біткен аурулар -228 бала – 30,2 % ( 2021 ж  -271 бала – 33,6%).

          2 орында - – нерв жүйесі аурулары - 160 бала – 21,2% ( 2021 ж  - 187 бала – 23,2);

          3 орында- психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы-  150 бала – 19,9% ( 2021 ж  - 114 бала – 14,1); 

         2021 жылдың  осы  мезгілімен  салыстырғанда, 2022 жылдың 12 айында облысымызда балалар  арасында   туа біткен аурулар бойынша  алғашқы  мүгедектікке  шығу 43 балаға, нерв жүйесі аурулары 27 балаға азайса, ал психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы-  36 балаға көбейіп отыр.

 

2022 жылдың 12 айында 13067 адам денсаулық сақтау мекемелерімен қайта куәландіруге жіберілгендер (2021 ж 12 ай - 13530 адам), оның ішінде 11147 адамы қайта мүгедектер қатарына жатқызылды (2021 ж 12 ай. - 11925 адам).

Ал, мүгедектігі бар бала санатындағылардан қайта куәландіруге келгендері – 3383  бала (2021 ж 12 ай. – 3528 бала

        2022 жылдың  12 айында  жалпы толық оңалтылғандар саны – 620 адамды құрады –5,3 % (Республикалық көрсеткіш-6,7%), оның  436 адамы ересектер (5,0%), балалар – 184 (6,1%) 

         2021 жылдың осы уақытында барлығы 634 (5,0%) адам толық оңалтылды, есектер арасында толық оңалту көрсеткіші – 447 адам болған болатын (4,7%). Балалар арасында бұл көрсеткіш – 187 бала (6,0 %).

Жартылай оңалту көрсеткіші 2022 жылдың 12 айында – барлығы 584 (13,6%) мүгедектің топтары жеңіл топтарға ауыстырылды, 2021 жылдың  12 айында бұл сан  637  адамды құраған болатын (13,3%). Республикалық көрсеткіш-14,9%.

  Мүгедектік топтың ауырлау көрсеткіші 2022 жылдың 12 айында 394 адам-3,8% (2021 ж 12 айында-391 адам-4,0%). Республикалық көрсеткіш-5,4%.

 Мүгедектік топтың  ауырлауына жүрек-қан тамырлары сырқаттарының асқынулары,  инсульт, инфарктар және  қатерлі  ісік ауруларының  үдеуі.

  2022 жылдың  12 айында  барлығы   мүмкіндігі шектеулі жандарға  жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлігі-11063 адамға берілді- 79,8 %, әлеуметтік бөлігі- 5245 адамға (37,9%) және  33 ересек адамға кәсіби бөлігі  (0,2%) әзірленді.

2021 жылдың  12 айында   әзірленген жеке  оңалту бағдарламасының  14462 медициналық  ұсыныстарының 9850-3 орындалды -68,1% пайызға, 5489 әлеуметтік ұсыныстарының 3995-3 орындалды – 72,8 пайызға,  кәсіптік ұсыныстары  13 адамның 2-і  орындалды-15,4%.