Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

2023 жылғы 24 қаңтарында Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Баймырза Бесбаев атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

"Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" РММ әкімшілік ісіне сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Баймырза Бесбаев атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесі бойынша "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР Заңының талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама берілді. Бұрын берілген нұсқаманың орындалуын қайта тексеру нәтижелері бойынша нұсқаманың орындалмау фактісі анықталды.

Осыған байланысты, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Баймырза Бесбаев атындағы мектеп - гимназиясы" КММ-не қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Жамбыл аудандық сотының қаулысымен "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Баймырза Бесбаев атындағы мектеп - гимназиясы" КММ – сі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.