Ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру

Ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру

Ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру

Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) деңгейі 60 мың теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасында ең төменгі жалақы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылатынын айта кету керек.

Бұл ретте, жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің төменгі шегі ретінде ЕТЖ мөлшері барлық жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады.

ЕТЖ тиісті қаржы жылына жыл сайын Республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленеді және ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс.

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ең төменгі жалақы
70 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын айтып өтті.

Ең төменгі жалақы өскен жағдайда бұл деңгейде жалақы алатын
1,8 млн. адамды тікелей қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл сондай-ақ қызметкерлердің разрядтары мен біліктілігінің еңбекақы төлеудің өсуіне ықпалын ескере отырып, жалақы алатын азаматтардың табысын ең төменгі жалақыдан жоғары деңгейде арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысы сондай-ақ Үкіметке динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін енгізуді тапсырды.

Бұл тапсырма уақытылы және өзекті болып табылады, өйткені инфляция бір орында тұрмайды, азық-түлік, тауарлар бағасы қымбаттайды.

Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескеретін әдістеме негізінде ЕТЖ мөлшерінің мөлшерлес өсуін қамтамасыз ету қажет.