Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген

23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 бұйрығымен .

 Мүгедектік мынадай мерзімдерге: жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға, 7 жасқа толғанға дейін; жеті жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін; он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

    24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397  бұйрығымен.

 Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және ( немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;

3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.

Он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар , ақаулар тізбесіне сәйкес 5 жыл мерзімге белгіленеді.