2022 жылдың бірінші жартыжылдығында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша ақпарат

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша, сондай-ақ әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметтер көрсетуі бөлігінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында - 43 (субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау) Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заңдары талаптарының сақталуына тексерулер жүргізілді. Жоспардан тыс тексерістер  2022 жылдың бірінші жартыжылдығында -11.

Департаменттің лауазымды тұлғаларымен жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша 2022 жылға – 36 ұйғарым берілді. 2022 жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны – 8 .

Бүгінгі күнге ұйғарымда көрсетілген кемшіліктерді қалыпқа келтірілгені жайлы департаментке ақпарат келіп түсуде.