Қазақстан Республикасында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңың» түсіндіру

Қазақстан Республикасында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңың» түсіндіру

ҚР Құрылыс нормаларын түсініндіру 3.06-01-2011 «Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі» (әрі қарай – ҚР ҚН) құрылыс нормаларын басшылыққа алу бойынша түсіндіру жүргізілді, сондай-ақ ҚР Ережелер жинағы 3.06-101-2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» (әрі қарай - ҚР ЕЖ), мұнда ҚР ЕЖ пандустың ені мен ұзындығы, кіру есіктерінің ені, пандустағы тұтқалардың биіктігі және т. б. сияқты элементтер халықтың қауқары аз санаты үшін қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ететін нақты параметрлерді көрсетеді және қолайлы шешімдерді белгілейді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, ғимараттарға, үй-жайларға, әуежайларға, автомобильдерге, теміржол вокзалдарына кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайлар жасауға міндетті ("Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы"ҚР Заңы).

Мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу түрінде жасалған, Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. (ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 83 бабына сәйкес).

 Мәлімет үшін назарларыңызға, мүгедек адамдардың құқықтары бұзылған жағдайда (мүгедек адамдар үшін қол жеткізу объектісімен, оңалтудың әзірленген жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдарымен қамтамасыз етпеу, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынбау) сіздің заңды құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін Департаментке шағым беруге құқығыңыз бар.