Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жуалы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

11.07.2022 жылы Жуалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жуалы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

"Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" РММ-нің әкімшілік ісіне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жуалы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының атына тексеру нәтижелері бойынша мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР Заңының талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама берілді. Бұрын берілген нұсқаманың орындалуы бойынша қайта тексеру нәтижелері бойынша нұсқаманың орындалмау фактісі анықталды.

Осыған байланысты, Жуалы облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жуалы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Жуалы аудандық сотының қаулысымен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жуалы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 306 300 (үш жүз алты мың үш жүз) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.